CaspianLife, 22 қыркүйек — Биыл Атырау облысы бойынша 93 есірткі қылмысы тіркелген. Бұл 2022 жылмен салыстырғанда 23 пайызға аз, деп хабарлайды CaspianLife.
Жыл басынан бері есірткі қылмысы бойынша 58 адам сотталып, оның 44-і бас бостандығынан айырылды. 36 кг есірткі және психотроптық заттар тәркіленген.
«Құрамында 7 адам бар ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері 4 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынган айырылды. Олар облыс аймағында аса ірі мөлшерде есірткі заттарын өсірумен және сақтаумен айналысқан» -деді Атырау облысы прокурорының орынбасары Ғалыман Тілеутаев.
Оның айтуынша, наақорлық пен есірткі құралдарының заңсыз айналымы халықтың ұлтына, әлеуметік жағдайына, жынысына, дініне қарамастан қоғамның дамуына, қылмыстың өсуіне, зорлық-зомбылықтың көбеюіне әсер етуе.
Облыс прокуратурасы өзіңізді және жақындарыңызды өлімге әкелетін уланудың әсерінен барынша қорғанып, салауатты және белсенді өмір салтын сақтанудың маңызды екенін ескертеді.