CaspianLife, 21 қыркүйек — Маңғыстау облыстық ауруханасының урология бөлімшесінде өрт қаупі болып, 470 адам қауіпсіз жерге шығарылды деп хабарлайды, CaspianLife.
ТЖД берген ақпарат бойынша, 20 қыркүйек күні кешкісін сағат 22:38-де облыстық аурухана ғимаратынан түтін шыққаны туралы хабарлама келген. 6 қабатты ғимараттың 3-қабатында орналасқан урология бөлімшесіндегі медбике шаруашылығы бөлмесінің желдету каналында жану ошағы табылған. 470 адам эвакуацияланды, оның 150-і ТЖД күшімен қауіпсіз жерге шықты. Зардап шеккендер мен жарақат алғандар жоқ. Қауіп 23:31-де жойылды.
Қазір Маңғыстау облыстық ауруханасы штаттық режимде жұмыс істеуде.