CaspianLife, 5 қыркүйек — Алматыда өткен Армрестлингтен және пара-армрестлингтен әлем чемпионатында Атыраулық 2 студент жүлделі орындарға ие болды, деп хабарлайды CaspianLife.
Ғылым және жоғары білім министрлігінің хабарлауынша, әлемдік додаға 52 мемлекеттен 1200 спортшы қатысқан. Біріншілікте Қазақстан атынан 256 спортшы ел намысын қорғады.
Халел Досмұхаметов атындағы Атырау университетінің 2-курс студенті Нұрым Аманов пара-армрестлингтен ересектер арасында өткен сайыста оң қол күресінен әлем чемпионы атанса, дене шынықтыру және спорт мамандығының студенті Бекзат Рахымжанов екінші орынды жеңіп алды.
Жеңімпаздар Атырау облысындағы «Мүгедектердің спорттық клубында» жаттығады. Спортшыларды жарысқа дайындаған — Р.Құрман, К.Тарабрин және И.Телеугалиев сынды өңірге белгілі спорт шеберлері.