CaspianLife, 31 тамыз — 3 жасар баланың қолы еттартқышқа қысылып қалған, деп хабарлайды Caspian Life.
Оқиға Шымкенттегі Сайрам тұрғын алабында болды. Ата-анасы электрлі құрылғымен жұмыс істеген кезде бүлдіршін ойнап жүріп қолын салып жіберіпті.
Құтқарушылар дәрігерлермен бірлесіп баланың қолын шығарып алды. Қазіргі таңда бүлдіршін №1 қалалық балалар клиникалық ауруханасында ем алуда.
«Сол сәтте төтенше жағдай қызметкерлері авариялық-құтқару құралының көмегімен еттартқыштың корпусын мұқият кесіп, баланың қолын шығарып алды. Қазіргі таңда бүлдіршін №1 қалалық балалар клиникалық ауруханасының реанимация бөлімінде ем қабылдап жатыр», — делінген Шымкент қаласы ТЖД-нің хабарламасында.