CaspianLife, 31 тамыз — Атырауда 6 мектептің тұсындағы «Сергек» камералары 40 км/сағ жылдамдыққа ауыстырылмақ, деп хабарлайды CaspianLife.
Атырау қаласындағы білім беру мекемелерінің тұстарында жаяу жүргінші қатысуымен болатын жол көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында «Сергек» камерасы орнатылған.
Полицейлер №11 Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі, №38 мектеп-лицейі, №6 М.Мөңкеұлы атындағы орта мектебі, №17 мектеп-лицейі және Атырау политехникалық колледжі, Бином мектебі тұстарында орналасқан «Сергек» аппараттық — бағдарламалық кешені 1 қыркүйектен бастап 40км/сағ жылдамдық режиміне іске қосылатынын ескертеді.