CaspianLife, 29 тамыз — Қызылқоға ауданынан табылған жабайы сора өсімдігінің 14 мыңдай бұтасы жойылды, деп хабарлайды CaspianLife.
Атырау облысы аумағында нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы жүргізіліп жатқан «Қарасора-2023» жедел алдын алу іс-шарасы аясында Ойыл ауылдық округіндегі «Саржал» алқабынан есірткі тектес жабайы сора өсімдігі анықталған. Зиянды өсімдікті жоюға Атырау облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері, ҚР Қорғаныс Министрлігінің Батыс өңірлік қолбасшылығы әскерлері, Ұлттық ұлан әскери бөлімі-5546 Б тобы және «Жасыл Ел» жастар қозғалысының еріктілері де қатысты.