CaspianLife, 24 тамыз — Мемлекет басшысы Маңғыстау облысының әкімін қабылдады. Өңір басшысы биыл 7 айда атқарылған жұмыс пен әлеуметтік-экономикалық даму қорытындыларын баяндап, жоспарға тоқталды, деп хабарлайды CaspianLife.
Маңғыстауда биыл жыл басынан бері жалпы сомасы 5,3 миллиард теңге болатын 6 инвестициялық жоба іске қосылған. Өңірде ауыз су тапшылығын шешу мақсатында 2025 жылға дейін 6 жоба жүзеге асырылмақ. Нәтижесінде, тұшытылған судың көлемін 146 мың текше метрге арттыру мүмкін болады, деді Нұрлан Ноғаев. Маңғыстау атом энергетикалық комбинатына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін 9,4 миллиард теңге қаржы бөлінген. Оның 4,9 миллиардын үкімет бөлсе, облыстық бюджеттен 2,6 миллиард теңге қаралған. Ал қалған қаржыны компания өзі шығарыпты. Мемлекет басшысы облыс әкіміне энергетикалық жүйенің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етуді және өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспары аясындағы міндеттерді іске асыруды тапсырды.
Фото: halyk-uni.kz