CaspianLife, 22 тамыз — Атыраудағы табиғи монополия субьектілері жылу беру маусымына әзірлік паспортын алмаған. Бұл әзірлік құжатының болмауынан республикадағы ең жоғары үлес саналады, деп хабарлайды Caspian Life.
Бұдан кейін кезекте Ақмола мен Абай облысы тұр. Мұны жоғары аудиторлық палата төрағасы Наталья Годунова мәжілістің жалпы отырысында айтты. Оның сөзінше, аталған субъектілер еш құжатсыз-ақ қысты өткерген.
Айта кетейік, Атырау қаласында 177 автономдық жылыту қазандығы бар. Бұл құрылғы әрі кетсе 3 үйге ғана жылу беруге қауқарлы. Оларды қалалық ТҮКШ бөлімі тиісті паспорттаудан өткізуге міндетті. Ал салалық басқарма қадағалауы қажет. Қалай десек те, осы мәселені жергілікті атқарушы органның салғырттығынан деп бағамдауға болады