CaspianLife, 22 тамыз — «Мектептерде оқушыларға орамал тағуға, хиджаб киюге болмайды». Мұны облыстың бас ұстазы Ерлан Сламбеков айтты, деп хабарлайды Caspian Life.
Оның баяндауынша, мектеп формасына түрлі діни конфессияға қатысты киім элементтерін қосуға тыйым салынған. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2016 жылы шыққан бұйрығында анық жазылған. Білім беру ұйымдарындағы ата-аналар комитеті осы құжатты негізге ала отырып, оқушылардың мектеп формасын бекітеді.
«2016 жылғы 16 қаңтардағы білім және ғылым министрінің №26 бұйрығы бойынша мектеп формасына қатысты орамал тағу мәселесіне тыйым салынған. Осы мәселе бойынша ата-ана комитеті болсын, қамқорлық кеңес болсын, мектеп әкімшілігі болсын заңға бағынады», — деді облыстық білім беру басқармасының басшысы Ерлан Сламбеков.