CaspianLife, 18 тамыз — Аймақтағы ірі кәсіпорындар «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингінен қолдау сұрайды. Солардың бірі — «Дәулет нан» ЖШС. Олардың сөзінше, компания ірі кәсіпорындардың қатарына енгелі мемлекет тарапынан көрсетілетін көмек азайып кеткен. Оған үкіметтің шағын және орта бизнеске баса назар аударуы себеп, деп хабарлайды CaspianLife.
Рашид ОТАРОВ, «NSS» ЖШС директоры
«Қазір Даму малый бизнес пен средний бизнесті қолдап тұр. Біз крупный бизнеске жатамыз. Сол себепті біздерге ондай көп төменгі пайыздағы несиелер қарастырылмаған. Енді дамудың басшылары келіп, қыркүйек айынан бастап, тағы да осыны қарастырып жатырмыз»
Қазіргі уақытта «Дәулет нан» серіктестігінде 240 астам адам қызмет етеді. Инсдустриялық аймақта 9 өндіріс орны орналасқан.Сондай-ақ, компания басшылығы мұнымен тоқтамай тігін шеберханасын кеңейтіп, қағаз цехын іске қосуды жоспарлап отыр.
«Бәйтерек» холдингіне қарасты «Даму кәсіпкерлікті қолдау қоры» АҚ Атырау облысы бойынша филиалы «Ұлттық жоба» аясында жыл басынан бері өңірдегі 428 жобаға 24 миллиард теңге көлемінде төмен пайызбен несие берген. Сондай-ақ, 388 жобаға банктің алдында кепілдеме жасаған.