CaspianLife, Атырау облысы төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері судағы жазатайым оқиғалардың алдын-алу мақсатында рейдтік іс-шаралар жүргізуде, деп хабарлайды CaspianLife.
Олар күнделікті сағат 15:00-ден 19:00-ге дейін, Жайық өзенінің әр жерінде шолу жұмыстарын жасайды. Айтуларынша, түсіндірме жұмыстарына қарамастан ескертпеге немқұрайлы қарайтындар көп. Оның ішінде ересектер ғана емес, балалар да бар. Өңірде суға түсу маусымы басталғаннан бері тыйым салынған орынға суға түскен 85 баланың ата-анасына хаттама толтырылып, ескерту берілген. Бұл жағдайлардың басым көпшілігі қала аумағында болады. Мұны Атырау облыстық ПД баспасөз қызметі растап отыр. Айта кетейік, жыл басынан бері облыс аумағында 11 адам суға батып, қаза тапқан. Оның үшеуі бала.