caspianlife, 14 тамыз — «МАЭК» Маңғыстауды электр энергиясымен қамтамасыз етуді 50 пайызға қысқартты, деп хабарлайды CaspianLife.
Бұған аймақты су, жылу және тоқпен қамтып отырған комбинаттың екі электр станциясындағы ақау себеп. Сондықтан жергілікті билік энергия тұтынуды шектеуге мәжбүр болып отыр. Әзірге тек «Өзенмұнайгаз» кен орнына 10 мегаватт тоқ берілуде. Ал өзге компаниялар электр энергиясымен түнде ғана қамтылады. Қазіргі кезде төрт аудан мен Жаңаөзен қаласына тоқ беруді шектеу жұмысы басталып кетті.
Мамандардың айтуынша тұрғындар бір апта бойы 3- 5 сағат бойы жарықсыз отырады. Ол туралы халыққа алдын ала хабарланады. Осы орайда жергілікті билік мемлекеттік органдар және коммуналдық қызмет өкілдерімен бірге ең алдымен әлеуметтік объектілерді электр энергиясымен қамтамасыз ету үшін жедел штаб құрды.
Фото: Lada.kz