CaspianLife, 8 тамыз — 12 тамыз – халықаралық жастар күніне орай Атырауда жастар апталығы басталды, деп хабарлайды CaspianLife.
Дүйсенбінің кешінде 20 мен 35 жас аралығындағы атыраулықтардың қатысуымен IQ Atyrau Quest ойыны өтті. Оған әрқайсысында 100-ге адам бар 20 команда қатысып, өзара бақ сынасты. Ұйымдастырушылардың айтуынша, қатысуға өтініш бергендердің саны бұдан да көп болған.
«Өздеріңіз көріп отырғандарыңыздай 100-ге жуық жастың қатысуы жастардың арасындағы үлкен қызығушылықты тудырады деп ойлаймын. Себебі, әрине, бізде 20-ға дейінгі тұрғындардан көп өтініш түсті. Бірақ, ережеге сай 20-дан жоғары жастар қатысады. Тіпті, 35-тен жоғарылар да өтініш берді. Бірақ, олардың өтініштерін ала алмадық» — деді «Жеті жарғы» ҚҚ төрағасы Абылай Құрметұлы.
Ойын шарты бойынша әр команда түрлі локацияға барып, сол жерде сұрақтарға жауап бергеннен кейін екінші аумақ туралы жеңілдік алады. Қатысушылар 5 локацияға мейілінше тезірек барып, бастапқы нүктеге қайта оралуы керек. Барлық сынақтан сүрінбей өткен «Юсуфтың аркадашлары» командасы жүзден жүйрік шығып, жеңімпаз атанды.
«Керемет адреналин, керемет драйв, өте тартысқа толы ойын болды. Жылдамдықты, білікті, білімді барлығын қамтыған ойын болды. Өте эмоционалды кеш болды біз үшін. Барлығы үшін рахмет! ++01:16 Мүлдем қиын болған жоқ, сұрақтар біз үшін өте оңай, өте жеңіл болды. Тіпті, ойлануға 5 секунд жұмсадық» — деді жеңімпаз Мирас Серікжанұлы.
Ойын жүлдегерлеріне медаль мен ақшалай сыйлықтар табысталды. Квестке қатысқан жастардың эмоциясын көріп-ақ мұндай зияткерлік ойындарға деген сұраныстың көптігін байқауға болады. Ұйымдастырушылар да алдағы уақытта дәл осындай кештің қайталанатынын жеткізді.