CaspianLife, 25 шілде – Экологтар Жайық өзеніне Ерік Мостовой каналынан құйылып жатқан судан сынама алды, — деп хабарлайды CaspianLife.kz. Оның нәтижесі су құрамында хлоридтің және құрғақ қалдық көрсеткішінің нормадан асып кеткендігін көрсетті. Атырау облыстық мәслихатының 2018 жылғы шешімі бойынша су ағатын желілерде ластануды болдырмау үшін су ағатын коллекторларға, жауын суын құятын құдықтарға және арық жүйесіне қоқыстың тасталуына жол берілмейді. Осыны негізге алған экологтар қала әкіміне каналдан Жайық өзеніне ағып жатқан суды тоқтатып, канал жағасын, ішін қалдықтан тазалау туралы хат жолдады.