CaspianLife, 25 шілде – Ресей бидайы қазақстандық өнім ретінде Ауғанстан, Тәжікстан, Өзбекстанға экспортталып келген, — деп хабарлайды CaspianLife.kz. ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. Мұны ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі хабарлады. «ҚМА Павлодар облысы бойынша департаменті тауарды экспорттау үшін жалған келісімшарттар бойынша заңсыз әкелу схемасын анықтаған. Атаулы тұлға 2021-2022 жылдар аралығында 26 мың тонна ресейлік бидайды Орталық Азия елдеріне қазақстандық өнім ретінде жазылған жалған шот-фактуралар бойынша 1 млрд теңгеден астам сомаға экспорттаған. Осылайша, жалпы сомасы 460 млн теңгені құрайтын халықаралық транзиттік тариф бойынша тасымалдау төлемдерін төлеуден жалтарған. Сотқа дейінгі тергеу аяқталды.