CaspianLife, 20 шілде – Құрманғазы ауданының прокуратурасы кадастрлық құны 6 млн теңгеден асатын 14 жер учаскесін мемлекетке қайтарды деп хабарлайды caspianlife.kz.
Нақтырақ айтқанда, аудан прокуратурасы жайылымдық жерлердің мақсатты пайдаланынылып жатқанына талдау жүргізген. Нәтижесінде, ұзақ уақыт бойы пайдаға аспай жатқан жер учаскелерінің барын анықтапты. Осыған орай, аудан әкімдігіне заңдылықтың бұзылуын жою туралы ұсыну енгізілді. Аудан прокуроры магилан рахимовтың айтуынша, мемлекетке қайтарылған жердің аумағы 2,8 мың гектарды құрайды.Сондай-ақ, 2021 жылы сатылған жер учаскелерінің сатып алу құнын өтемеу деректері анықталып, бюджетке 3,8 млн теңге өндірілді.
Фото inbusiness.kz сайтынан алынды