CaspianLife, 20 шілде –Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 394-бабының 2-тармағы, заңсыз көші-қонды ұйымдастыру бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады деп хабарлайды caspianlife.kz.
Комитеттің баспасөз қызметі жариялаған ақпаратқа сүйенсек, қылмыстық іс бойынша жан-жақтылық, толықтылық пен объективтілікті қамтамсыз етуге бағытталған бірқатар тергеу амалы жүргізілді. Бұл әрекеттер ұйымның коммерциялық және өзге жұмысына кедергі келтірмейді. Ешкім де ұсталмаған.
Өзге ақпарат қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының талаптарына сәйкес жария етілмейді деп жазды ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті.
Фото gov.kz порталынан алынды