CaspianLife, 19 шілде – Атырау облыстық білім беру басқармасына жаңа басшы тағайындалды деп хабарлайды caspianlife.kz.
Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. Енді облыстың білім беру сапасы пен саладағы мәселелерді шешуге Ерлан Сламбеков жауапты болмақ. Ол Теміртау қаласының тумасы. Негізгі мамандығы – тарихшы. Түркия мемлекетінде білім алған.Білім беру саласында түрлі қызметте болған. 40 жастағы жаңа басшы ҚР Оқу-ағарту министрлігіне қарасты республикалық ғылыми-практикалық білім мазмұнын сараптау орталығы басшысының орынбасары боп жұмыс істеген. Айта кетейік, Атырау аймағы республика бойынша білім беру сапасы төмен өңірлеріндің қатарында. Және 3 ауысыммен оқитын мектептердің мәселесі мен күрделі жөндеуді қажет ететін білім ордаларының мәселесі әлі күнге толық шешілмеді. Былтыр басқармаға басшы боп келген Гүлнара Сәдуақасова өз еркімен жұмыстан кеткен.