Caspianlife, 14 шілде — Әлеуметтік желі қолданушысы Tree of life демалыс базасында кішкентай баланың қайтыс болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды CaspianLife.
Видеода ер адам баланың қайтыс болуына байланысты демалыс орталығына келушілердің барлығына кіруге рұқсат берілмегенін айтты.
Полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, кеше сағат 15:12-де 102 кезекшінің пультіне демалыс базасының бассейніне баланың батып кеткені туралы шақыру түскен.
Жедел-тергеу тобы оқиға орнына барып, 9 жасар баланың бассейнге батып кеткенін анықтады. Демалыс базасында баламен бірге ата-анасы да болған.
Фото: Media.az