CaspianLife, 22 маусым – Мақатта “Атырау жарық” АҚ қызметкері қызмет бабында қаза тапты деп хабарлайды сaspianlife.kz.
Оқиға 21 маусым күні түстен кейін Алаш көшесіндегі қосалқы трансформатор станциясының маңында болды. Сол жерде 60 жастағы электромонтерді тоқ ұрған. Оның қасында болған тағы бір қызметкер қазір Мақат ауданының орталық ауруханасында жатыр. Жағдайы бірқалыпты, — дейді дәрігерлер. Осы жағдайдан кейін «Атырау жарық» АҚ басшылығы мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасына оқиғаның болғанын хабарлаған. Тергеп-тексеру жұмыстары басталды.
«Қазіргі таңда осы жазатайым оқиғаның мән жайларын анықтау үшін басқарма тарапынан арнайы тергеп-тексеру комиссяисын құру жұмыстары ұйымдастырылуда. Тергеп-тексеру жұмыстары аяқталғанннан кейін жазатайым оқиға туралы акт шығады. Ол акт құжаттармен бірге құққық қорғау органдарына жолданады. Егер жұмыс берушіден қателік болса құқық қорғау органдар ары қарай өздері шешім қабылдайды», — дейді Атырау облыстық мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының бөлім басшысы Сырым Джаббасов.