CaspianLife, 21 маусым – Мақат ауданына қарасты Бәйгетөбе ауылдық округіндегі ток желілері жаңартылды деп хабарлайды сaspianlife.kz. аудани әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аудандағы Бәйгетөбе ауылдық округіне қарасты №402 бекетін электрмен жабдықтау жұмысы өткен жылдың маусым айында басталған еді. Жуықта құрылыс жұмыстарының пайдалануға беру актісі тапсырылған.
«Нысанның жалпы ұзындығы 6,33 шақырымды құрайды. Аталған бекетке 2100 кВА қуаты бар трансформаторлық қосалқы стансасы және 40 сыртқы жарықтандыру шамы орнатылды. Қазіргі таңда «ЭнергоСату» ЖШС мекемесімен есептеу құралдарын қабылдау жұмыстары жүргізілуде»,- деді Бәйгетөбе ауылдық округінің әкімі Қонысалы Төлеуов.
Айта кетейік, бұған дейін Доссор кентінде 1,89 шақырым ток желілері, 1 дана 160 кВа трасформаторлық қосалқы стансасы орнатылған еді.