CaspianLife, 13 маусым — Маңғыстау облысында шаруалар мал жаятын жерсіз қалдық деп әкімдік алдына жиналып, наразылық білдірді. Ел арасында «Жетікөл» аталып кеткен жайылымның жыры бір жарым жылдан бері бітпей отыр. Себебі, өріс құм қазу мақсатында кәсіпкердің меншігіне өтіп кеткен, деп хабарлайды Caspian Life Caspian News арнасына сілтеме жасап.
Салдарынан Маңғыстау облысының Мұнайлы ауданындағы жүзге жуық шаруа мал жаятын жерсіз қалды. Шаруалар жағдайдың ушыққанын бейтаныс адамдар келіп, жер қаза бастағанда бір-ақ білген.
Жайылымда Мұнайлы ауданына қарасты бес-алты ауылдың малы жайылады. Аталған аумақтан шаруалардың өтінішімен төрт-түлік су ішетін фонтан қазуға әкімдіктен қаражат бөлінген. Алайда енді жайылымды кәсіпкер алса, судан да қағыламыз дейді шаруалар. Ең қызығы шаруалар тіпті қоғамдық тыңдаудың өтетіндігін да кеш естідік дейді.
Шаруалар мәселені шешуді сұрап, әкімдікке де барыпты. Алайда олар өздерінің ешкімге жер қазуға рұқсат бермегендіктерін айтып отыр.
Дегенмен шаруалардың өтнішін жерге тастамаған әкімдік іске араласып, кәсіпкерге басқа жер бермекші болып қаулы шығарыпты. Алайда мұндай ұсынысқа келіспеген кәсіпкер әкімдіктің өзін сотқа беріп, жеңіске жеткен. Мұнымен келіспеген әкімдік енді сот шешіміне аппеляциялық шағым түсірмек.
Фото: lada.kz