CaspianLife, 7 маусым — Мақат мұнай және газ технологиялық колледжінде индустриялық кеңес отырысы өтті, деп хабарлады CaspianLife.
Кеңес барысында оқу орны және аудан әкімдігі KPI Inc және GPC INVESTMENT мекемелерінің әрқайсысымен әлеуметтік серіктестікті дамыту мақсатында үш жақты меморандумға қол қойылды. Ол бойынша инженерлік-педагогикалық бөлімнің студенттері аталған компанияларда тағылымдамадан өткізу, практикалық білімін арттыру секілді бірлескен жобалар жүзеге аспақ. Іс-шара барысында қонақтар колледждегі құзіреттілік орталық пен оқу шеберханаларын аралап, білім беру процесіндегі жаңашылдықтармен танысты.
Қазіргі таңда Мақат мұнай және газ технологиялық колледжінде 369 студент оқиды. Негізгі құрылғанына 100 жылдан астам тарихы бар, біздер жылма-жыл 100-дің үстінде студент шығарамыз. Олардың жұмысқа орналасу пайызы жылдан жылға өсіп келеді. Индустриялық кеңестің отырысында аудан көлемінде орналасқан екі зауытпен меморандумға отырдық. Ол біздің түлектеріміздің жұмысқа орналасу көрсеткішін жоғарылатады деп ойлаймын — деді Мақат мұнай-газ технологиялық колледжінің директоры Ізтұрған Тасбаев
Елде газ-химия кешені қарқынды дамып келеді. Сондықтан білікті мамандарды дайындау мәселесі өте маңызды. Ал үш жақты келісім негізінде КРІ Inc компаниясы мұнай және газ технологиялық колледж студенттерінің теориялық білімін практикамен ұштастыруға ықпал етеді. Салада жергілікті жастардың да жұмыс істеуіне жол ашылады. Бүгінде КРІ кәсіпорны 631 адамды жұмыспен қамтып отыр. Оның 80% жергілікті тұрғын.
Мақат мұнай және газ колледжі мамандар дайындауда тәжірбиесі мол. Оқу орны соңғы жылдар ішінде 10 мыңдай студентті мұнай-газ саласы үшін дайындаған. Газ-химия саласы елімізде енді-енді дамып келе жатқандықтан бізге жергілікті кадрлардың біліктілігі маңызды. Сондықтан жақында оқу орнымен бірге кәсіби парктиканы дуалды оқыту жүйесін ұйымдастырамыз — деді КРІ Inc. компаниясының өндірісті басқару қызметінің басшысы Бақытжан Қаналиев
Мақат колледжінің мұнай-газ саласына қажетті маман дайындауда тәжірибесі мол. Оқу орны 11 жыл ішінде 10 мыңдай студентті даярлап шығарды.
Фото: Мақат тынысы