CaspianLife, 5 маусым — Атырауда ҚР мемлекеттік рәміздер күніне орай, қазақтың ұлттық киімдерін киген тұрғындардың шеруі өтті, деп хабарлайды CaspianLife.
Ерекше шеру алғаш рет ұйымдастырылғандықтан оған қатысушылардың қарасы көп болды. Үлкені бара, кішісі бар шамамен 1000-ға жуық адам бір мезгілде қазақтың ұлттық киімін киіп, Исатай-Махамбет атындағы орталық алаңнан бастап Бейбарыс атындағы орталық алаңға дейін жүрді. Шеруді ұйымдастырушы — жергілікті әкімдік өкілдерінің өздері де оған бір кісідей қатысты.
«Менің үстімдегі, менің ата-бабаларымның кезінде киген, Алтын орда кезіндегі әскери қолбасшының Береңгілі ат сауыты. Бұны көне деректерге қарап, арнайы жасақталған, бұның астының бәрі темір. Бүгінгі мақсатымыз, біздің жастарымыздың ұлттық патриоты мықты болсын. Қаншама жастарымыз келіп тұр. Әлемдік рекордтар, гинестік рекордтар кітабына кірген қазақ баламызда Атырау өңірінің тумасы, туымызды ұстап ортаға шыққалы тұр. Бұл біздің ауызбіршілігімізді білдіреді» — деді Атырау қаласы әкімінің орынбасары Нұржан Ермұханов.
Ұлттық киім киген жандардың шеруі ұйымдастырылғанына тұрғындар да риза. Олар құндылықтарымызды насихаттау арқылы ұрпақтың бойында отанға деген патриоттық сезімнің қалыптасуына ықпал етеді, -дейді.
«2011 жылы Астанада конгресс холда, мұсылман киімі ұлттық айшықта деген конкірсқа қатысып, Атыраудың туын желбіретіп бірінші орын алып келген адаммын. Сонда осы киімнің, қазақ киімінің қазақша нақышпен көрсетіп, офистік киім, күнделікті және қазақы киім секілді 8 түрлі номицация киім үлгісін көрсетіп келген болатынмын.» — деді Атырау қаласының тұрғыны Жұмагүл Нәсіпқызы.
Меркелік шеру концерттік бағдарламамен тәмамдалды.