CaspianLife, 5 маусым — ҚР парахоккей федерациясының мүшелері атыраулықтар үшін алғаш рет шеберлік сағатын өткізді, деп хабарлайды CaspianLife.
Хиуаз Доспанова атындағы мұз айдынында болған кездесуге спорттың осы түріне қызығатын мүмкіндігі шектеулі жандар және қала тұрғындары қатысты.
«Былтыр біздер әлем чемпионатына қатысып келдік, сонда күміс иегері болдық. Орта лигаға шықтық, биыл орта лига чемпионат мира болады, бұйыртса Қазақстан Астана қабылдапы жатыр. Соған бар мүмкіндігімізді салып дайындалып жатырмыз» — деді ҚР парахоккей федерацияның вице-президенті Қайрат Сабыров.
ҚР пара хоккей федерациясы 2021 жылы құрылды. Федерацияның мақсаты мүмкіндігі шектеулі жандарға көмектесу. Осы уақытқа дейін халықаралық бірнеше турнирдің жеңімпазы атанған парахоккейден ұлттық құрама мүшелері енді әлем чемпионатына дайындалып жүр.
Қазіргі кезде спорттың осы түрінен Қазақстан ұлттық құрамасы әлем елдері арасында 14-ші орында тұр. Құрамада 18 спортшы бар, оның екеуі жаттықтырушы.