CaspianLife, 1 маусым –Қаладағы «Керемет» саябағында 1 маусым — балаларды қорғау күніне орай аз қамтылған және мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған мерекелік іс-шара өтті, — деп хабарлайды сaspianlife.kz.70-ке жуық бала шақырылған мерекелік жиын қала әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылды. Оған қала әкімінің орынбасары Нұржан Ермұханов қатысып, жиылғандарды құттықтады. Бұдан кейін балалар ойын-сауық алаңында тегін ойнап, көңіл-күй көтеретін сахналық қойылымдарды тамашалады. Сондай-ақ үлкендермен бірге көшет екті. Қалалық әкімдік мерекеге орай түрлі іс-шара ұйымдастыруда. 1 маусым күні кешкі сағат 7-де Бейбарыс сұлтан атындағы алаңда балаларға арналған концерттік бағдарлама ұйымдастырылады. Одан бөлек қазақтың ұлттық киімдерін киген жандардың шеруі өтпекші.