CaspianLife, 17 мамыр — Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов іссапармен Қызылқоға ауданында болды, деп хабарлайды CaspianLife.
Сағыз ауылының тұрғындарымен кездесіп, ұсыныс-пікірлеріне құлақ салды. Бұл жолғы кездесу кезінде дәрігерлердің – әсіресе окулисттің, арнайы мамандар – логопед- дефектологтың жетсіпейтіндігі көп айтылды. Тұрғындардың сөзінше, ауылда маман болғанмен, штат жоқ.
«Қазіргі заманның талабы инклюзивный обучениемен оқиды балалар. Бұл оқуды оқыту үшін программаны жүзеге асыру үшін мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс жасау үшін бірінші логопед, екінші дефектолог, үшінші психолог үшеуі қалайда керек. Психолог бар мектептерде бір ақ ана логопед, дефектолог мамандары осы Қызылқоға ауданы бойынша біреу. Ауданда біреу, санаторияда біреу. Неге осы мамандарға штат берілмейді осы уақытқа дейін. Балалар оқи алмай отыр. Білім бөлімінде отырғандар логопед мамандығына штат беруге неге сонша сіздер жылдар бойына осындай қиямет жасайсыздар балаларға» — деді «Сағыз» ауылының тұрғыны Бағила Жолмұханова.
Сонымен қатар ауыз су, Сағыз-Қарабау тас жолын жаңарту, банк пен жанар-жағар май стансаларының аздығы туралы да сөз болды. Және көптен бері айтылып келе жатқан теміржол үстінен өткел салу мәселесі осы жолы тағы да көтерілді.
«Бір түйір переезд. Орны жоқ болса екен орны бар. Оған мост саламыз дегенАна жерге кешіктірмей приезд салып беріңдер. Жолдың табаны бар. Бас аяғы 2,5 шақырым жер. Арғы бетте 280 балалық балабақша салып қойды, 420 балалық мектеп салып қойды. Осы халықтың бәрі былай былай жүріп жатыр. Бала тасиды.» — деді «Сағыз» ауылының тұрғыны Жәнібек Аралбаев.
Халықты тыңдаған аймақ басшысы тұрғындардың өтінішін түртіп алып, оларды шешу үшін жауапты мамандардың жұмыстанатынын ескертті. Және осы уақытқа дейін Сағыз ауылында жасалған жұмысты, алдағы жоспарларды да айта кетті.
«Бұл жерде біз “Жайлы мектеп”жобасы бойынша мектеп салуды жоспарлап отырмыз. Өздеріңіз білесіздер жайлы мектеп деген президентіміздің бағдарламасы бойынша, комфортно дейміз ғой, ішінде барлық құрал-жабдықтары ыңғайластырылған, қарастырылған. Былай айтқанда заманауи мектеп. Сіздердің сұрауларыңыз бойынша жаңағы саз мектебі, кешен, тағыда басқа мына жайлы мектепті неге қойдық бөлек бір мектеп болсын. Тек қана қаладағы емес осы жердегі баланың тәрбиесіне бөлек бір көзқарас болсын. Сондықтан осы инфоқұрылымдардың барлығын біз осы жерде дамытамыз. Осыған келеміз.» — деді Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов.
Серік Шәпкенов құрылысы салынып жатқан спорт кешені құрылысын, «Ноғайты» өзенінің бүгінгі жай-күйін, ауылдағы электр желісі мен су айдау бекетінің жұмысын көрді. Жалпы ауданда осы уақытқа дейін «Ауыл-ел бесігі» жобасы аясында спорт кешені салынып, 9 орта мектеп модернизациядан өтті. Жастар орталығына жаңа ғимарат сатып алу жоспарда тұр. Ауыл көшелеріндегі жарық шамдары мен жаяу жүргіншілер жолы құрылысын осы жылы аяқталмақ. Кенбай, Қоңыраулы, Былқылдақты елді мекендерінің халқын ауылішілік су құбыры және табиғи газбен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілуде. Жол құрылысы бойынша 21,8 шақырым болатын 3 жоба жүзеге асырылып жатыр.