CaspianLife, 29 мамыр – Әлеуметтік желіде иттердің өлекселері үйілген видео тарап кетті, —деп хабарлайды сaspianlife.kz. Бұл өлекселердің арасында «Авангард» ықшам ауданының тұрғыны Юлия Ефремованың да төртаяқтысы бар. Ол екі күн іздеген итін өлі күйде қала шетіндегі мал қорымынан тапқан. Ол жұма күні жоғалып кеткен үй жануарын осындай күйде көргенде «төбеме тас түскендей» күй кештім дейді. Бұл қорымда зооқорғаушы Венера Манасованың қоғамдық қоры қамқорлығына алған иттер де бар. Белсенді оларға стерилизация жасалып, қажетті екпенің салынғанын айтады. Бірақ әкімдік олардың құлағында белгісі бар екеніне қарамастан өлтіріп отыр дейді ол. Ал, әкімдік стерилизациядан өткен иттерді аулауға тұрғындардың өтініші себеп болғандығын жеткізді. Маманның сөзінше, 26 мамыр күні авангардтықтар бұралқы иттердің балаларды қуалап жүргенін айтып, шағымданған. Тиісті қызметкерлер көптің өтінішін орындағанын айтқан ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары ұндай жағдай енді қайталанбайды дейді. Қазіргі таңда полицейлердің тарапынан бұл оқиғаға қатысты қандй да бір іс қозғалмаған. Өйткені ешкім шағым түсірмепті. Естеріңізге салайық, былтыр бұралқы иттерді аулап, стерилизациялауға 80 миллион теңгеден астам қаражат, биыл 56 млн теңге бөлінген.