CaspianLife, 29 мамыр — Атырауда жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 11 бала тұрғын үй кезегіне қойылмаған, —деп хабарлайды сaspianlife.kz Бұған уәкілетті орган қызметкерлерінің әрекетсіздігі себеп. Мұны прокурорлар талдау нәтижесінде анықтапты. Осы іс бойынша тиісті бақылау жүргізбеген қалалық білім бөлімінің 3 қызметкері тәртіптік жауапқа тартылды. Заң бойынша балалар мемлекеттің қамқорлығына алынған күннен бастап 3 ай ішінде пәтер кезегіне тіркелуі тиіс.