CaspianLife, 17 мамыр — Биыл облыстағы 78 мың оқушы жазғы лагерьде демалады, деп хабарлайды CaspianLife.
Бұл үшін жергілікті бюджеттен 564 миллион теңге бөлінбек. Мұны облыстық білім беру басқармасының басшылары хабарлады. Басқарма ұйымдастырған жазғы лагерьлерде демалуға аз қамтылған, көпбалалы жанұядан шыққан оқушыларға және мүмкіндігі шектеулі балалар мен үздік оқушыларға басымдық беріледі. Кішкентайлардың жазғы демалысы 149 мектеп жанындағы және қала сыртындағы 3 лагерьде ұйымдастырылмақ. Сондай-ақ, «Қазақстан халқына» қорының қолдауымен «Жазғы сауықтыру жолдамасы» әлеуметтік жобасы аясында ауылдағы 1000 бала Каспий мемлекеттік университеті ұйымдастырған «Айналайын» лагерінде демалады. Тағы 1277 оқушыға басқа мемлекеттердегі демалыс орындарына жолдама беру жоспарланып отыр. Жалпы 2022-2023 оқу жылын 141 мыңнан астам оқушы аяқтайды. Оның 12 мыңға жуығы 9-сыныпты аяқтаса, 6 мыңдай түлек 11- сыныпты тәмамдайды.