CaspianLife, 17 мамыр — Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейінде алғаш рет «Қоғамдық музейлер қазынасы» атты көрме-байқау өтуде, деп хабарлайды CaspianLife.
Оған аймақтағы мектептердің жанынан ашылған 13 мұражайдың жетекшілері қатысты. Байқаудың алғашқы кезеңінде олар өз музейлерінің портфолиясын, жасаған жұмыстарын бейнеролик арқылы таныстырды. АЛ келесі айналымда әр мұражай жәдігерлерін көпшілік назарына ұсынбақ.
«Мұражайдың ішінде Кеңес одағының батыры Б. Нысанбаев бабамыздың сол кездегі қолданған жаңағы ыдыс-аяқтары, өзінің қару-жарақтары, көшірмелері сонымен қатар мұражайдың делегациясы Покров ауданы, леска деревнясында саяхатындасол бабамыздың баснынан алып келген топырағы мен тас жәдігерлері бар» — деді Б. Нысанбаев атындағы жалпы орта мектептің мұражай жетекшісі Аманғали Енбаев.
Байқаудың басты мақсаты – білім беру мекемелеріндегі қоғамдық музейлердің қызметін жетілдіруге жәрдемдесу және насихаттау. Ұйымдастырушылар болса, облыстық музейдің өзінен табыла бермейтін құнды жәдігерлерді осы іс-шара барысында тамашалауға болады деп отыр.
«Бұл байқау-көрменің мақсаты сол қоғамдық музейлердің қорында қандай жәдігерлер сақталған. Музейлердің жұмысы қалай? Осыны білу үшін біздер байқау-көрмені ұйымдастырып отырмыз. Біздер алдын-ала мамандарымызды жібердік. Қандай жәдігерлер сақталған деген сияқты.Көптеген құнды дүниелер айта кету керек ішінде біздің облыстық музейде жоқ жәдігерлерді осы мектеп музейлерінен көріп отырмыз» — деді Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейінің басшысы Мұхамбетқали Кипиев.
Байқау екі күнге созылады. Жалпы жүлде қоры — 1 миллион 600 мың теңге. Іс-шара соңында жүлдегерлер марапатталып, оларға қаржылай және естелік сыйлықтар табыс етіледі.