CaspianLife, 15 мамыр — Батыс аймақтық «Бекіре» акциясы басталғалы бері 7 тонна балық тәркіленді. Оның 750 келісі бекіре тұқымдас, деп хабарлайды CaspianLife.
Сондай-ақ айналымнан 30 келіге жуық уылдырық алынды. Жалпы акцияға жұмылдырылған құқық қорғау органдарының қызметкерлері бір жарым айдың ішінде 635 құқық бұзушылық дерегін анықтапты. Олар 462 әкімшілік хаттама толтырып, бекіре тұқымдас балықты заңсыз аулауға қатысты 26 қылмыстық іс қозғаған. Заң бұзған тұлғаларға салынған айыппұл көлемі — 10 миллион теңгеге жуық. Браконьерлер жиі торуылдайтын аумақтың бірі – «Ақ Жайық» табиғи резерваты. Қазір мұнда 4 жерге бекет қойылған.
«Қазіргі уақытта Ақжайық мемелекеттік табиғи резерваты акцияға қатысты жыл бойына мына бізде 4 өзек бар, мына каспий теңізімен жалғасып жатқан мына рыбаходный, шман, приморский және зарослый каналдары бар. Осы каналдардың барлығына, қазір акцияға байланысты жыл бойына өзектерге қалқып тұратын, заңсыз балық аулаушылардың, қайықтардың была-былай өтпеуіне тосқауылдар қойылып отыр» — деді «Ақжайық» табиғи резерватының бөлім басшысы Ғани Ағыбаев.
Фото: Qazaqstan.tv