CaspianLife, 5 мамыр – «Мас жолаушының кесірінен Атырау-Ақтөбе бағытындағы жолаушылар пойызы 12 минутқа кідірді», — деп хабарлайды сaspianlife.kz. Мұны Атырау облыстық көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті. Оқиға Кенбай станциясының маңында болған. Ақтөбе облысының 59 жастағы масаң тұрғыны вагондағы тоқтату кранын жұлып алған. Сағыз станциясына келгеннен кейін оған қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің «алкогольдік ішімдік ішу немесе қоғамдық орындарға масаң күйінде келу», «пойызды заңсыз тоқтату» бабы бойынша хаттама толтырылып, 34 500 теңге айыппұл салынды».