CaspianLife, 3 мамыр – «Атырауда самбо күресінен ҚР еңбек сіңген жаттықтырушысы, халықаралық дәрежедегі төреші Қошқарбай Табынбаевты еске алуға арналған ашық Азия кубогы өтті»,- деп хабарлайды сaspianlife.kz
Жарысқа 15-16 жастағы 150 жасөспірім қатысты.Турнир биыл 6-шы рет ұйымдастырылып, спортшылар Армения, Белоруссия, Әзірбайжан, Өзбекстан, Грузия, Ресей, Тәжікстан, Қырғызстан, Моңғолиядан келді. Самбо федерациясы басшыларының сөзінше мұндай жарыс осы уақытқа дейін тек ересектер арасында өткізілген.Турнирде жақсы нәтиже көрсеткен самбошылар Өзбекстан астанасы Ташкентте 2025 жылы өтетін Азия ойындарына қатысады. Жалпы қазіргі кезде Атырау облысында 1500 адам самбо күресімен айналысып жүр.