CaspianLife, 1 мамыр – Атырауда Қазақстан халқының бірлігі күніне орай велоспорттан Sulotournament атты қалалық біріншілік ұйымдастырылды, -деп хабарлайды сaspianlife.kz. Оған балалар және жасөспірімдер спорттық мектептерінің тәрбиеленушілері мен әуесқой 50 велосипедші қатысты. Біріншілікте ерлер мен әйелдер 8, 10 және 15 шақырымдық қашықтықта бәсекеге түсті. Мұндай біріншілік Атырауда екінші рет өткізіліп отыр. Алғашқысы қала күніне арналған еді. Ұйымдастырушылардың айтуынша шеру алдағы уақытта да жалғасын таппақ.