CaspianLife, 27 сәуір – Құрманғазы ауданында балық қабылдайтын жаңа цех іске қосылды деп хабарлайды сaspianlife.kz.
«Байда» ауылдық округіндегі «Перевалочный» учаскесінде орналасқан нысан «Каспий-Балық» өндірістік кооперативіне тиесілі. Жобаның жүзеге асуы үшін әзірбайжандық «Нұрсейіт-Сахиб» компаниясы да инвестиция салыпты. Бірлескен жобаның құны — 500 млн.теңге. Ашылғанына айға жуық уақыт өтсе де, мұнда 250 млн теңгенің жұмысы атқарылған. Цехтың ауданы 2500 шаршы метр. Күніне 30 тонна балық қабылдап, жылына 1500 тонна өнім өңдей алады. Цехтағы балық қатыратын 5 камераның әрқайсысының сыйымдылығы 15 тонна. 400 тонна су маржанын сақтайтын арнайы орын және бар. Қазір мұнда ауылдың 30 тұрғыны жұмыс істеп жүр.
«Балық өңделген соң ғана экспортқа шығарылады. Бізге балық өңдеу үшін мұнда тағы да қосымша цехтар салу, станоктар, басқа да қажетті құралдар алу керек. Соған байланысты бизнес-жоспар жасалып, аз пайызбен субсидия немесе несие беруге сұраныс әзірлеп, аудандық кәсіпкерлер палатасына жолданды», — деді Тілекққабыл Жәкеев.
Құрманғазыда биыл лимит бойынша 6200 тоннадан астам балық аулануы тиіс. Соның 3 000 тоннасы «Каспий-Балық» ӨК тиесілі. Балық аулау науқаны 20 мамырда аяқталады. Ауданда 6 табиғат пайдаланушы тіркелген. Олар Қиғаш бойын жағалай қоныстанған ауылдардағы 13 мыңға жуық халыққа жұмыс беріп отыр.