CaspianLife, 24 сәуір – Атырауда БАҚ қызметкерлері арасында шахмет пен футболдан жарыс өтті. Спорттық іс-шара өңірге белгілі журналист Мақат Хайруллиннің 85 жылдығына орай оны еске алу мақсатында ұйымдастырылды деп хабарлайды сaspianlife.kz.
Футболдан 6 команда ойнап, нәтижесінде 1-орынды «Атырау-Ақпарат», 2-орынды «Баспахана» командасы алса, 3- орынды «Атырау телеарнасы» иеленді. Одан бөлек ойыншылар «Үздік шабуылшы», «Үздік қақпашы» сынды дипломдармен марапатталды. Ал шахмат турниріне 8 адам қатысып, 1-ші орынды «Каспиан Ньюс» телеарнасының директоры Қазбек Кертаев, 2-орынды Атырау телеарнасының қызметкері Данияр Ахметов, 3-орынды «Қызылқоға» газетінің тілшісі Бауыржан Бердіғалиев жеңіп алды.
Мақат Хайруллин 1938 жылы Индер ауданы, Кулагино ауылында дүниеге келген. М.Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік университетін журналистика мамандығы бойынша бітірді. Қызылқоға аудандық «Коммунизм туы» газетінде бөлім меңгерушісі, 1966-1977 жылдары Атырау облыстық «Коммунистік еңбек» газетінде әдеби қызметкер, 1977 жылдан бастап өмірінің соңына дейін «Қазақстан РТРК» Атырау филиалында редактор, аға редактор, төрағаның коммерциялық жұмыстар жөніндегі орынбасары болып қызмет атқарды. 2006 жылы өмірден озды.
АБ, ДҚ, КН