CaspianLife, 24 сәуір – ҚР Премьер-министрінің орынбасары Алтай Көлгінов Атыраудағы әлеуметтік нысандарды аралады деп хабарлайды сaspianlife.kz.
Өңірлік коммуникациялар қызметінің таратқан ақпаратына сүйенсек, Алтай Көлгінов жұмыс сапары барысында онкологиялық диспансерде, ауылдық мектептерде болып, кадрларды қайта даярлау барысымен танысып, Махамбет ауданының тұрғындарымен кездесті.
Өңірде денсаулық сақтау мәселесі әлі де өзекті. Кадр тапшылығы, жабдықтардың ескіруі немесе болмауы – медициналық қызметтің сапасына тікелей әсер ететін факторлар. Дәрігерлерге әлеуметтік қолдау көрсетіп, медициналық мекемелер салу және жаңғырту үшін кешенді шешімдер қажет.Алтай Көлгінов апатты жағдайда тұрған облыстық онкологиялық диспансерде болды. Медициналық мекеме пациенттерді қабылдауды жалғастыруда, бірақ мүмкіндігі шектеулі.Нақтырақ айтқанда, жабдықтардың бір бөлігі ескірген, ал қалғандары ми ісіктерін, әйелдердің репродуктивті жүйесінің сырқаттарын, басқа да ауыр дерттерді толық емдеуге қауқарсыз.Қатерлі дертке шалдыққан жергілікті науқастарға өте қажет жаңа ғимараттан басқа, диспансер техникалық жаңғыртуды талап етіп тұр, мысалы сызықтық үдеткіш, брахеотерапия аппараты, компьютерлік томограф керек.Вице-премьер облыс әкімдігі желілік үдеткішті орналастыруға қажет каньонды өз қаражаты есебінен сатып алған жағдайда, «Қазақстан халқына» қорынан қымбат құрал-жабдықтарға қаражат бөлу жоспарланып отырғанын атап өтті.
«Онкология диспансерінің техникалық базасын жаңарту маңызды мәселелердің бірі – облыс тұрғындары білікті медициналық көмекті жергілікті жерде ала алады, ол қолжетімді әрі сапалы болады. Еліміз бойынша барлығы 16 онкологиялық орталық «Қазақстан халқына» қоры есебінен сәулелік терапия құрылғыларымен жабдықталады», — деді А.Көлгінов.
Фото : Өңірлік коммуникациялар қызметінен