CaspianLife, 6 сәуір —Ақтауда көпқабатты 11 үй рұқсатсыз салынған, — деп хабарлайды caspianlife.kz Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
Мұндай заңсыздықты прокурорлар анықтапты. Бұған қоса салымшылар қаржысын заңсыз тарту бойынша 25 дерек тіркелген. Бұдан бөлек жалпы құны 130 млн теңгеге жуық коммерциялық мақсаттағы 9 жер телімі мемлекетке қайтарылды. Жауапты тұлғаларға қателіктерді түзету үшін уақыт берілді.