CaspianLife, 5 сәуір — Атырауда 35 адамның соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану туралы өтініші мақұлданды , — деп хабарлайды caspianlife.kz.
Жалпы бүгінгі күнге дейін облыс бойынша тұрғындардан өзін-өзі банкрот деп тану туралы 1199 өтініш түскен. Оның 376-сы мақұлданбаған, қалған 788-і қаралу үстінде. Атырау облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті мамандарының сөзінше, арызының қаралмайтындығы туралы хабарлама алған азаматтар соттан тыс банкроттық талаптарына сәйкес өтінішті 3 айдан кейін қайта бере алады.