CaspianLife, 31 наурыз – «Норд Каспиан Оперейтинг Компани» компаниясы өздеріне салынған 5 миллиард АҚШ долларынан астам айыппұлға қатысты Caspian News телеарнасының сұранысына түсінік берді деп хабарлайды сaspianlife.kz.
Олар компанияның қызметін мемлекеттік органдардың тексергенін растағанмен, ақпарат құралдарында айтылған «шамадан тыс сақтаулы тұрған күкіртке қатысты» мәліметтен өздерінің бейхабар екендіктерін хабарлады. «НКОК» компаниясы күкіртті сақтау мәселесіне жауапкершілікпен қарайтынын, Қазақстан Республикасының заңына сай әрекет ететінін және озық тәжірибе мен қолданыстағы стандарттарға сүйенетінін мәлімдейді» делінген ресми жауапта. Күні кеше белгілі Блумберг басылымы Қазақстанның НКОК компаниясына экологиялық заңдылықты бұзғаны үшін 2 триллион 300 миллиард теңге немесе 5 миллиард доллардан астам айыппұл салғанын жазған еді.