CaspianLife, 28 наурыз — Атырауда «Довира» украин этномәдени бірлестігінің ұйымдастыруымен облыстық «Червона Калина» ХXІІ ұлттық фестивалі өтті деп хабарлайды сaspianlife.kz.
Ұлттық билер биленіп, украин және қазақ тілдерінде ән шырқалды. Фестиваль барысында облыстық, республикалық , халықаралық байқаулардың жеңімпаздары мен лауреаттары, «Хуторянка», «Тропикана», «Топ Дэнс» би ансамблдері мен «Спиваночка», «Любава» вокалды топтары өнер көрсетті. Мерекелік іс-шараға қатысқан қала тұрғындары мен қонақтары әдемі кештің куәсі болғандарына дән риза.
«Туған жерім Қазақстанда жүріп ана тілім украин тілін үйренуге мүмкіндігіміз барына өте қуаныштымын. Қазақ тілін де үйреніп жүрміз. Қазақстанда ұлтқа бөлінбейді. Барлығы бір-бірін сыйлап, дос тұтады. Сол себепті мен осында туғаныма, балаларымның Қазақстанда өмірге келгеніне қуаныштымын» — деді «Довира» украин этномәдени бірлестігінің жетекшісі Виктория Синицына.