CaspianLife, 27 наурыз — Атыраулық спортшылар өткен аптада волейболдан Бурабай қаласында өткен республикалық жарыстан бас жүлдемен оралды. Оларды ата-аналары мен жаттықтырушылары күтіп алды.
Өңірімізден барған волейболшылар Көкше жерінде 3 команда болып өнер көрсеткен еді. Нәтижесінде 14-15, 16-17 жас аралығындағы қыздар командасы 1 орынды иеленсе, 16-17 жастағы ұлдар командасы 3 орын алды деп хабарлайды сaspianlife.kz. Финалда қыздарымыз ақтөбеліктермен және астаналықтармен ойнап, жеңіске жетті. Ал ұлдар ақтөбеліктерден ұтылып қалды. Волейболшылардың барлығы «Қосарал» академиясының мүшесі. Волейбол академиясының құрылғанына 3 айға жуық уақыт өтті. Құрамадағы 83 волейболшыны 4 тренер жаттықтырады.