CaspianLife, 24 наурыз — Атыраулық оқушылар республикалық «Зерде» конкурсынан жүлделі оралды, деп хабарлайды CaspianLife.
Нақтырақ айтқанда, жуықта «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығының базасында өткен 2-7 сынып оқушыларының зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстарының жарысында Лира Байдилдаева, Зере Саясат пен Балауса Габдилкакимнің дайындаған жұмыстары 1-орынға лайық деп танылса, Мадина Ғалымжанованың жобасы 2- орынды ие болды.Ақдидар Қалау, Мұхамедияр Әбілқайыр, Саян Лұқпан, Әнел Ерболат пен Дінмұхаммед Қонайұлының еңбегі ақталып, үздік үштікті қорытындылады. Арнайы грамотамен Ильяс Ақжолұлы марапатталған.Жақсы нәтиже көрсетуге тырысқан басқа да жас зерттеушілеріміздің әрқайсысына сертификат табыс етіліпті. Жалпы байқауға облыстың атынан 19 оқушы қатысты.
«Менің жобамның ерекшелігі 2 шылаушыннан пайда болған жаңа буданды апардым. Және өзімнің экономикама үлес қосатын жаңадан тыңайтқыш апардым. Нәтижесінде бірінші орын алып келдім. Сондықтан бұл жұмысты әлі де тоқтапаймын. Әлі де дамыта отырып, еліме пайдамды тигіземін» — деді Ы.Алтынсарин атындағы жалпы орта мектебінің 7-сынып оқушысы Балауса Габдилкалим.
«Біздің оқушылар 12 секция бойынша толық қамтылды. «Ағылшын тілі» секциясы бойынша бізде алтын бар, «Биология» секциясы бойынша алтын бар. «Өлкетану», «этномәдениетану», тіпті «физика» секциясы бойынша балалар жобасын қорғады. Жоба алды дайындықты пысықтадық. Балалар зерттеу бағытында жақсы жұмыс жасаған. Өздері шынайы, актуальды болып табылатын тақырыптар таңдалған» — деді Н.Тілендиев атындағы мамандандырылған мектеп-гимназиясының ағылшын тілі пәні мұғалімі Айдана Рамазанова.
Оқушылардың зерттеу қабілетін дамытуға бағытталған білім додасына еліміздің әр өңірінен 600-ге жуық окушы өзара сынға түскенін айта кетейік.