CaspianLife, 17 наурыз — Қаржы мониторинг агенттігінің Атырау облысындағы қызметкерлері өңірде жасырын казиносы бар адамдарды анықтады, деп хабарлайды Caspian Life.
Нысанға тінту жүргізген мамандар ойын фишкаларын, 3300 АҚШ доллары мен 1 миллион теңгеге жуық қаржы және басқа да заттар тәркілеген. Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыруға қатысты тұлғалар мен куәгерлерден жауап алынған.
«Қылмыстық құқықбұзушылық ұйымдастырушалары өз әрекеттерін толық мойындады. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасуда», — дейді ҚР ҚМА ресми өкілі Әлібек Әбділов.