CaspianLife, 14 наурыз — Атырауда 48 жастағы азамат бекіре тұқымдас балықтар мен уылдырығын заңсыз сақтаған, деп хабарлайды Caspian Life.
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, 1 наурыз күні Атырау облысы ПД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлері жедел іздестіру шаралары кезінде қала тұрғынынан 8 кг бекіре тұқымдас балықтарын және 1 кг уылдырық анықтап, тәркілеген.
Қазіргі уақытта күдікті ұсталды.
«Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 339 — бабының 1 — бөлігімен қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201 бабына сәйкес жариялануға жатпайды», — делінген хабарламада.