CaspianLife, 22 ақпан — Каспий құбыр консорциумы Теңіз кен орнынан мұнай қабылдауды уақытша тоқтатты, деп хабарлайды CaspianLife.
«22 ақпандағы жағдай бойынша КҚК жүйесіне «Теңіз» мұнай айдау станциясындағы Теңіз кен орнынан мұнай қабылдау тоқтатылды, — делінген хабарламада. Сондай-ақ Қазақстандағы «Атырау» және Ресейдегі «Комсомольская» мұнай айдау станцияларында мұнайды қабылдау қысқартылған режимде жүріп жатқаны да айтылған. Ал Теңізшевройл компаниясының баспасөз қызметі басшылықтың Новороссийскідегі күн райынан және шикі мұнайды қабылдау жұмыстарының уақытша тоқтағандығынан хабардар екендіктерін мәлімдеді. Ал компания штаттық режимде жұмыс істеп жатыр делінген ресми мәлімдемеде.