CaspianLife, 20 ақпан — 18 ақпан сағат 16:10 шамасында республикалық маңызы бар Атырау-Орал тас жолының 62 шақырымы тұсында Камаз жүк көлігі мен Lada автокөліктері соқтығысты, деп хабарлайды CaspianLife.
Салдарынан Lada автокөлігінің жүргізушісі және 3 жолаушысы түрлі дене жарақаттарымен Махамбет аудандық ауруханасына жеткізілді. Тиісті іс-құжаттар жинақталуда.
Атыраулық полицейлер жол қауіпсіздігіне немқұрайлы қарамай жол ережесін қатаң сақтау қажеттігін ескертеді.