CaspianLife, 13 ақпан — 10 ақпанда Түркияның оңтүстік-шығысындағы Кахраманмараш қаласында құтқару-іздестіру жұмысы барысында әйелдің денесі табылды. Алматыдан келген туыстары оны Қазақстан азаматы Жанар Жақсыбекова деп таныды деп хабарлайды CaspianLife.
«10 ақпанда Түркияның оңтүстік-шығысындағы Кахраманмараш қаласында құтқару-іздестіру жұмыстары барысында әйелдің денесі табылды. Алматыдан келген туыстары оны ҚР азаматы Жанар Жақсыбекова деп таныды», – деп хабарлады Сыртқы істер министрлігі.
Қазақстандық дипломаттар қаза тапқан әйелдің денесін Кахраманмараштан Анталияға және одан әрі Алматыға жеткізуге, сондай-ақ қажет құжаттарды рәсімдеуге көмектескен. Марқұмның денесі Талдықорған қаласына жеткізілген.
«Тасымалдау бойынша барлық шығынды мемлекет өз мойнына алды. Сонымен қатар, Pegasus түрік авиакомпаниясымен қаза тапқан ҚР азаматының бірге келген туыстарына 90 пайыздық жеңілдік беру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді», – делінген хабарламада.