CaspianLife, 6 ақпан — 18 секунд. 761 өтініш. Бұл бүгін басталып, жарты минутқа да жетпей аяқталған жеңілдетілген автонесиеге өтініш берген қазақстандықтардың саны. Астана уақытымен сағат онда жұмысын бастаған платформаның ашылуынан жабылуы тез болды. Сайт ашылған бойда 125 мың адам өтініш беруге тырысыпты. Бірақ жарықтың жылдамдығынан да тез қимылдағандары үлгерді, деп хабарлайды CaspianLife.
«Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ басқармасындағылардың айтуынша, «кешіктім» деп көптің салы суға кетпесе болады. Өйткені ендігі жерде өтініш наурыздан бастап ай сайын қабылданады. Толық ақпаратты аталған қордың ресми сайты мен әлеуметтік желідегі парақшаларынан біле аласыздар.